Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бүгінгі Үкімет отырысында министрліктің неліктен 1 миллион теңгеге орындық сатып алғанын түсіндірді, – деп хабарлады halyq-uni.kz.
«Бұл жерде ненің соншалықты сенсация екенін білмеймін. Министрлік қызметкерлеріне 15 креслоны 1 миллионға сатып алдық. Орындығы бұзылғандарына алдық. Олар жай ғана ауыстырылды. Бір орындық 75 мың теңге болып шықты», – деді министр.
Оның айтуынша, министрліктің орындықтары кейінгі 9 жылда ауыстырылмаған және бұл сатып алу алдын ала жоспарланған.
«Бұл – жай ғана қажеттілік. Бұрынғысы істен шығып, алу қажет болды», – деді Алмасадам Сәтқалиев.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!