Елордадағы «Тұлпар» сауда үйінде қаруланған ер адам әйелін кепілге алды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан полиция департаменті.Оқиға туралы куәгерлер кеше сағат 17:06-да «102» пультіне хабарлаған.47 жастағы елорда тұрғыны ұсталды, оның әйелімен психологтар жұмыс істеп жатыр.

«Факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ», – деп хабарлады полиция.Жанжалға ажырасу процесі себеп болғаны айтылды.»Бәрі көз алдымызда – біздің бутиктің қарсы бетінде болды, қатты қорқып кеттік», – деп жазды әлеуметтік желі қолданушыларының бірі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!