Қазалы ауданына аялдаған аймақ басшысы Қазалыдағы Қашақбай Пірімов ауылынан салынып жатқан спорт кешені құрылысымен танысып, Қарашеңгел, Құмжиек, Басықара ауылдық округтері тұрғындарымен кездесті.

Басқосуда ауыл ақсақалдары көкейде жүрген тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық мәселелері, оның ішінде газдандыру жұмыстарын сөз етті. Жалпы құны 350 млн.теңгеге жуық спорт кешені ғимараты биыл пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Алдағы уақытта ауыл тұрғындары кешен ішінде жүгіру алаңы, футбол, баскетбол, волейбол, үстел теннисі сияқты спорт түрлерімен айналысатын болады.

Қосымша шығыс жекпе-жегі, бокс сияқты үйірмелер де жұмыс істейді.Облыс әкімі құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізіп, жоспарланған уақытта аяқтауды және тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға аса мән беруді тапсырды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!