Қазақстанда алаяқтар мемлекеттік қызметті алуға сұранысқа қол қою үшін пайдаланылатын жалған NCALayer сайтын құрды. Бұл туралы орган мамандары ресми сайттарында хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекеттік техникалық қызмет өкілдері хакерлердің «Trojan Downloader» вирусын тарататын фишингілік интернет-ресурсын анықтады.
«Мемлекеттік қызметтерді алуға тапсырыс берген кезде электронды қолтаңба қалдыру үшін NCALayer бағдарламасын орнату қажеттігін бәріміз білеміз. Мемлекеттік техникалық қызмет «hxxps://ncalayer.info/update.php» дейтін фишингтік интернет-ресурсты анықтады. NCALayer-ді жаңартатын бағдарлама ретінде ұсынылатын ресурс жүктелген соң «Trojan Downloader» вирусын таратады. Сол арқылы қолданушының құрылғысына зиянды бағдарлама жүктеледі және іске қосылады”,- делінген хабарламада.
Егер стұтынушы бұл бағдарламаны компьютерде іске қосса, барлық деректерді жоғалтуы мүмкін. Осылайша вирус шабуылдаушыларға толық қол жеткізуге мүмкіндік беріледі. Соның салдарынан ақырында қаскөйлер пернетақтада терілген ақпаратты, парольдерді оқи алады. Тіпті құрылғыға тысқары қосымшалар да орната алады.
Мемлекеттік техникалық қызмет өкілдері мұндай бағдарламаларды орнатудан, күдікті сілтемелерге өтпеуге кеңес береді. Өйткені мұндай әрекет жеке мәліметтерге қауіп төндіруі әбден мүмкін дейді мамандар.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!