Биыл басты ұлттық мерекеміз – ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтудеміз. Қазақстан осы аралықта көптеген жетістікке қол жеткізді.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында «Біздің мақсатымыз – келер ұрпаққа Қазақстанды тұғыры мығым, экономикасы қуатты, рухы асқақ мемлекет ретінде табыстау және елдік істерді шашау шығармай лайықты жалғастыратын жасампаз ұрпақ тәрбиелеу» дееп атап өтті. Сонымен қатар Мемлекет басшысы алдағы уақытта  бізге жүктелетін міндет қуатты елдің иесі және кемел халық болу екенін атап өтіп, «Бұл жолда саяси-экономикалық реформаларды және сананы жаңғырту үдерісін жалғастырып, заман талабына бейімделген ұлттың жаңа болмысын қалыптастыруымыз қажет» деп тұжырымдады. Бұл міндеттерді жүзе асыру барысында білікті мамандар, соның ішінде педагогикалық ғылымдар бағыты бойынша жаңа деңгейдегі кадрлар даярлау қажеттігі белгілі.

Аймақтағы педагогикалық ғылымдар бағыты бойынша кадр даярлайтын бірегей білім ордасы – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті. Университет құрылымында «Педагогикалық-психологиялық білім беру және оқыту әдістемесі» кафедрасы «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» және «Педагогика және психология» білім беру бағдарламалары бойынша білікті мамандар даярлайды.

Бүгінгі қоғамда білім беру бағдарламаларын жетілдіру жұмыс берушілердің заманауи талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Осы мақсатта, оқытушы-профессорлар, жұмыс берушілер мен түлектер арасында жүргізілген сауалнама нәтижелерін ескере отырып, кафедрада жаңа модульдік траекториялар әзірленді.

Жоғары оқу орындарына қойылатын негізгі талаптардың бірі шет тілін меңгерген, бүгінгі күннің инновацияларына бейімделуге және уақтылы ден қоюға қабілетті маман даярлау болып табылады. Осы талапқа сәйкес 2019-2020 оқу жылында 6В01303 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім беру» бағдарламасы бойынша көптілді оқыту тобы (ПМНО-19-1 п/я) ашылды. Кафедра оқытушылары ағылшын тілінде арнайы (міндетті және таңдау) пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешендер әзірледі. Ағылшын тілінде оқу-әдістемелік материалдарды қалыптастыру бойынша кешенді жұмыс жүргізілді. Кафедрада кадрлық әлеуетті күшейту, оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базаны нығайту, жұмыс берушілермен байланысты кеңейту индикаторлары көзделген білім беру бағдарламаларын дамыту жоспарлары әзірленді.

Оқу, ғылыми және оқу-әдістемелік әдебиеттерді жаңарту мақсатында университетте электронды кітапхананы одан әрі дамыту үшін алынған «МегаПро» автоматтандырылған интеграцияланған кітапхана жүйесі бар. Кітапхана қоры жыл сайын оқу әдебиеттерімен және анықтамалық басылымдармен толықтырылып отырады. Білім алушылар автоматтандырылған интеграцияланған кітапхана жүйесі арқылы қажетті әдебиеттерді қашықтықтан сұрай алады.

Осы орайда кафедраның оқытушы-профессорлары дайындаған ғылыми еңбектерді атап өткен жөн. Соңғы екі-үш жыл көлемінде Ш.Майгельдиева, Ж.Сапарқызының «Здоровьесберегающие технологии обучения и совершенствование умственной деятельности студентов», «Инновационные технологии формирования валеоогической культуры младших школьников в процессе обучения», Р.Игенбаеваның «Сыр сүлейлерінің әдеби мұрасы» атты монографиясы, Р.Игенбаева, Ә.Өмірзақованың «Шағын жинақты мектепте оқытудың мазмұны мен әдістемесі», «Жаңартылған білім беру жағдайында шағын жинақты мектепте оқытудың ерекшеліктері», Р.Игенбаеваның  «Мектепке дейінгі педагогика», Ш. Иманғалиева,  Ж. Сапарқызы,  А.Ахметованың «Психодиагностика» атты оқу құралдары, Р.Игенбаваеның «Сыр сүлейлері шығармаларының ұлттық,  тәлім-тәрбиелік тағылымы :ғылыми-танымдық кітабы» және Ш.Иманғалиева, Б.Бекжанова, Н.Дүйсекеева «Инклюзивті білім берудің теориясы мен технологиясы»  атты оқу құралы,   Ш.Иманғалиева, А.Ахметова, М.Ашимованың «Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу» атты әдістемелік құралдары жарық көрді. Жоғарыда аталған оқыту әдістерін қолдану тиімділігінің көрсеткіштері, ең алдымен, білім алушылардың ағымдағы үлгерімінің, қорытынды мемлекеттік аттестаттауының нәтижелері және олардың оқыту сапасына қанағаттану дәрежесі болып табылады. 

Қазіргі жоғары оқу орындарын ғылыми-зерттеу жұмыстарынсыз елестету мүмкін емес. Әсіресе, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға және халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуына ерекше көңіл бөлінеді. Білім алушылардың 80 пайызы жыл сайынғы студенттік конференцияға қатысады. 2019 жылы Өскемен қаласында өткен ХІ Республикалық пәндік олимпиадада «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша   3 курс студенттері ғылыми-зерттеу, әдістемелік дайындық қорытындысы бойынша бас жүлде алды. Нәтижесінде XIІ Республикалық «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша пәндік олимпиадасы университетімізде өткізілді.  

Жоғары оқу орны даярлайтын ғылым магистрлерін жұмысқа орналастыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізілуде.Соңғы екі жыл бойынша 2018-2019 оқу жылында 90%, 2019-2020 оқу жылында 95% ғылым магистрлері жұмысқа орналастырылды. Бұл үлкен жетістік деп есептейміз.

Оқытуға қойылатын заманауи инновациялық талаптарды және оқыту әдістемелерін жетілдіруді ескере отырып, сондай-ақ жұмыс берушілердің ұсыныстары, оқытушы-профессорлар құрамын ғылыми-зерттеу қызметінің қол жеткізген нәтижелері негізінде оқу процесіне көптеген элективті пәндер енгізілді.

Білім алушы үшін белгілі бір қызмет саласын,  еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің қажеттіліктері мен сұраныстарын ескере отырып,  келесі пәндер бойынша жеке білім беру траекториясы енгізілді:

1.  Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде шет тілін оқыту әдістемесі және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде орыс тілін оқытудың теориясы мен әдістемесі

2.  Арнайы педагогика  және логопедия негіздері

3.  Педиатрия негіздері

4.  Логикалық есептерді шешу әдістемесі

5.  Монтессори педагогикасы

6.  Үлгілерге оқыту әдістемесі

Еңбек нарығындағы заманауи сұраныстар мен жұмыс берушілердің мамандарға қоятын талаптарына сәйкес мектептер, балабақшалар базасында кафедра филиалдары ашылып, қазір 15-ке жуық филиалда жұмыс жүргізілуде. Жұмыс берушілерді  білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға тарту кезінде олардың біліктілігі, жұмыс тәжірибесі,  ғылыми немесе академиялық дәрежесінің,  атағының және т.б. болуы ескеріледі. Жұмыс берушілерді тартудың репрезентациялық күйі академиялық кеңестердің құрамына мемлекеттік білім беру ұйымдарының,  сондай-ақ стратегиялық әріптестер болып табылатын ұлттық және жеке мекемелердің өкілдерін тартумен қамтамасыз етіледі. Мысалы, білім бағдарламаларының мазмұнын талдайтын академиялық кеңестердің мүшелерінің қатарында жұмыс берушілерінің өкілдері – Педагогикалық шеберлік орталығының Қызылорда филиалының директоры С.Т.Камалова, облыстық білім басқармасы «Оқу-әдістемелік кабинетінің» меңгерушісі С.К.Асқаров, «Алтын Ұя» балабақшасының меңгерушісі З.Ш.Ерназарова,  Б.К. Момынбаев атындағы  №278 мектеп-лицейі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары,  жоғары санатты мұғалім Г.А.Оргараева,  И. Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары,  жоғары санатты мұғалім К. У.  Садыкова, №7 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Г.А.Төлепбаевалар бар. Серіктестер орындайтын қызметтің сапасы білім алушылар арасында сауалнама және сұхбат жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі. Гуманитарлық-педагогикалық бағыттар бойынша жұмыс берушілерді академиялық кеңестің жұмысына тарту дәрежесі 46 пайызды құрайды.

Білім беру бағдарламарын  рецензиялауға жетекші инновациялық мектеп-лицейлердің,  жеке мектептердің,  М.Мәметова атындағы педагогикалық колледждің,  қалалық және облыстық білім басқармаларының басшылары тартылады. Сонымен қатар мектептердегі озық тәжірибелі ұстаздардың бітірушілердің дипломдық жұмыстарына жетекшілік жасауы да жақсы жолға қойылған.

Аймақтың жұмыс берушілері ұсынатын оқу курстарының спектрін кеңейту мақсатында кафедра Қызылорда қаласының білім бөлімімен бірлесіп қаламыздағы  № 12 мектеп-лицейі және Б.  Момынбаев атындағы №278 Ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі, Қызылорда қаласындағы № 4,  12,  23,  7, 101, 136, 140, 211, 235 т.б. жалпы орта білім беретін мектептер педагогикалық практиканы ұйымдастыруға арналған базалар болып табылады. 

Өндірістік практика сабақтарды жоспарлау және өткізу,  мақсаттар мен міндеттерді айқындау,  бастауыш сыныптардағы барлық оқу пәндері бойынша кәсіби біліктерді қалыптастыру,  бастауыш сыныптарда компенсациялық және түзету-дамытушылық білім беру үшін; бастауыш білім беру саласындағы білім беру стандарттарының талаптарына қол жеткізу үшін оқыту мен тәрбиелеудің тиімді нысандарын,  әдістерін,  құралдарын негізді түрде таңдау білігін дамыту; балалармен педагогикалық тұрғыдан мақсатқа бағытталған қарым-қатынастарды,  басшылармен,  әріптестермен іскерлік қатынастарды ұйымдастыру білігін; педагогикалық бақылауды жүзеге асыру,  оқу процесі мен нәтижелерін бағалау қабілетін дамыту мақсатында өткізіледі.

Университетте диссертациялық кеңестер жұмыс істейді, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының бұйрығымен (№207 04. 03.2019 ж.) Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде 8D011–Педагогика және психология (6D010300 – Педагогика және психология); 8D013-пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау (6D010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі)мамандарын даярлау бағыттары бойынша біріккен диссертациялық Кеңес ашылды. Аталмыш кеңесте диссертацияларын сәтті қорғаған зерттеушілер Г.Б.Байұлы, Ж.Сапарқызы бүгінгі таңда университетте табысты қызмет атқаруда.

Заманауи, қарқынды дамып келе жатқан білім беру жүйесі үшін біліктілігі жоғары, дарынды, ой-өрісі кең жаңа ұрпақ тәрбиелеуге қабілетті ұстаздар қажет. Еліміздегі жоғары оқу орындарының  алдында ұлттық тәрбиені осындай кадрлармен қамтамасыз ету міндеті тұр.

Педагогикалық білім беру жүйесін модернизациялау білім берудің жаңа сапасына қол жеткізуге алып келуі тиіс. Яғни, ол «сапалы өзгерістерге» бағдарланған практикалық міндет ретінде қаралады. Педагогтың кәсіби даярлығын сапалы қайта құру және жаңарту әлеуметтік-мәдени, жүйелі-мақсатты, жеке-қызметтік, мәдениеттанулық, көпмәдениетті, аксиологиялық, акмеологиялық, құзыреттілік және басқа да тәсілдерге сүйене отырып жүзеге асырылуы қажет.

Рабиға ИГЕНБАЕВА, 

 «Педагогикалық-психологиялықбілім беру және оқыту әдістемесі» кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!