Фото: Kazinform
Сала мамандары азаматтарға қызмет көрсетерде, жазбаша ақпарат ұсынып, келісімін алуға тиіс болады. Бұл жөнінде Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында заң жобасын талқылау кезінде депутат Айна Мысырәлімова мәлімдеді, – деп хабарлайды KAZINFORM.
— Жеке қызмет барысында психолог қызмет алушымен міндетті түрде шарт жасасуы тиіс. Сонымен қатар психологиялық көмек ерікті және саналы таңдау қағидатына негізделеді. Сондай-ақ шұғыл жағдайларды қоспағанда, психологиялық көмек көрсету тек қызмет алушының жазбаша ақпараттандырылған келісімі негізінде жүзеге асырылатыны белгіленеді, — деді дептутат.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!