Қазақстанда жоғары жалақы алатындар үшін салық салу жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әмриннің айтуынша, салық мөлшері айлық табысқа емес, жылдық жиынтыққа қарай есептеледі.

«Жалақы бойынша үдемелі салық болады. Онда меже сәл өзгеше: жылына 33 миллион теңгеге дейін – 10 пайыз, 33 миллионнан жоғары – 15 пайыз. Иә, Қазақстанда мұндай жалақы бар, бұл шамамен айына 3 миллион теңге. Салықтық есеп бойынша 3 миллион теңгеден жоғары жалақы алатын жалдамалы жұмыскерлер саны – шамамен 26 700 адам. Есеп айлық емес, жылдық табысқа қарай жүргізіледі. Мысалы, егер менің жалақым жылына 33 миллион теңгеге дейін болса – 10 пайыз, одан жоғары болса – 15 пайыз мөлшерінде», – деді Амрин Мәжіліс кулуарында.

Бүгін Мәжіліс депутаттары Салық кодексіне түзетулерді екінші оқылымда қабылдады. Құжат Сенаттың қарауына жіберіледі. Негізгі өзгерістер: ҚҚС мөлшерлемесі 12 пайыздан 16 пайызға өседі, ал ҚҚС бойынша шекті мөлшер 15 миллионнан 40 миллион теңгеге дейін көтеріледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!