Қармақшы ауданында республикалық референдум өтіп жатқан күнде аналарға ерекше көңіл бөлінді. Жосалы кентіндегі Орталық аудандық ауруханасында референдум күніне сәйкес дүниеге келген сәбилердің аналарын аудандық емхана басшысы Бақытжан Нысанбаев құттықтап, құрмет көрсетті.
Құттықтау барысында емхана басшысы аналарға мықты денсаулық, бақыт және еліміздің дамуына үлес қосатын ұрпақ тәрбиелеуді тіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!