Мемлекет басшысы Қасым-жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі деген болатын. Заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керек деген пікірін білдірді.
– Жемқорлық әрекеті үшін сотталған азаматтарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынды. Соттарға, құқық қорғау қызметкерлеріне, пара бергендерге және делдалдарға қатаң жаза қолданылатын болды. Былтырдан бері жалпыға бірдей салық декларациясын тапсыруды бастадық. Осы және басқа да шаралар айтарлықтай нәтиже беріп, жемқорлық деңгейі төмендеді. Дегенмен, түбегейлі өзгеріс әкелген жоқ. Мұны ашық айтуымыз керек. Азаматтарымыз әлі де күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлық жағдайларымен бетпе-бет келуде, – деді Президент.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Қызылорда облысының Әділет департаментінің 2022 жылға арналғанҚазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және «AMANAT» партиясының облыстық филиалымен бірлескен іс-шаралар жоспарына, Әділет департаментінің 2022 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы іс-шаралар жоспарына, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2022 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жүйелі түрде жұмыстар атқарылып келеді.
Жалпы Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі ретінде мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған мінез-құлық қағидаттарын ұстануға және әдеп кодексі нормаларын сақтау мәселелері бойынша профилактикалық жұмыстар да жүргізіп отырамын. Әділет департаментінің кіре берісі дәлізінде азаматтарға арналған арыз-шағым жәшігі орналастырылған.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет заңнамаларының, әдеп кодексі талаптарын сақтау мәселелері бойынша барлығы семинарлар, кездесулер, «Ашық есік» күндері тұрақты өткізіліп тұрады.
Айтпағым, біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.
Ұ.Оразгелді,
Қызылорда облысының
Әділет департаменті
басшысының орынбасары.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!