Қазалы ауданының тұрғындары таңғы сағат 7.00-ден бастап өз таңдауларын жасап, белсенділік танытуда. Уақыттың ерте екендігіне қарамастан қариялар мен жастар тобы азаматтық парыздарын өтеуге асықты.
Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі 61-ші учаске бойынша бірінші болып Дәурен Сәрсенбаев дауыс берді. Ол ел болашағы үшін өз таңдауын жасауға асығып, ерте келгендігін айтады.
Әйтеке би кентінің тұрғыны Дәурен Сәрсенбаевге ең бірінші болып келіп, азаматтық белсенділік танытқаны үшін бағалы сыйлық табыс етілді. Дәл осындай шаралар барлық сайлау учаскелерінде де ұйымдастырылды.
Айта кетейік, 61-ші сайлау учаскесінде 2282 сайлаушы бар.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!