Қазақстан әлемдегі азық-түлік бағаларының өсу қарқыны ең жоғары бес елдің қатарына кірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тізімді БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы жасаған.

Рейтинг 2026 жылға арналған азық-түлік инфляциясының болжамды көрсеткіштері негізінде жасалған. Ең жоғары көрсеткіш Иранда болады болжанған – жылдық есепте 49,1%. Екінші орында Аргентина (34,9%), үшінші орында Түркия (31,4%), төртінші орында 13,7% көрсеткішпен Ангола тұр.

Қазақстан 12,2% көрсеткішпен бесінші орында. Қазақстаннан кейін тізімде Моңғолия (11,9%), Грузия (11,6%) және Эфиопия (11,2%) бар. Ал тізімдегі басқа елдерде жылдың соңына дейін азық-түлік бағасының өсімі 10%-дан аз болады деп болжанған.

Украинада болжамды инфляция 9,2% деңгейінде, Қырғызстан мен Беларусьте – 8,6%, Арменияда – 7,6%, Ресейде –  5,8%, Өзбекстанда – 5,7% деп болжанады.

Рейтинг авторлары азық-түлік инфляциясына ең басты ықпал ететін факторлар ретінде ұлттық валюталардың курстық ауытқулары, шикізат бағалары, сауда мен логистикадағы үзілістер және ішкі нарықтағы ұсынысты атап өткен.

Қазақстанда 2026 жылдың ақпан айында азық-түлік инфляциясы жылдық есепте 12,7 % деңгейінде болды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!