Нұр-Сұлтанда, Алматыда және елдің тағы екі облысында қатаң карантин шаралары енгізілді. Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына індеттің жылдам таралуы себеп болды
НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Қазақстан COVID-19 індетінің таралуы бойынша «қызыл» аймаққа кірді. Мұндай дерек 2021 жылдың 30 наурызындағы жағдай бойынша өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасында келтірілген.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары «қызыл» аймақта тұр.
«Сары» аймақта: Ақтөбе, Алматы және Қарағанды облыстары.
«Жасыл» аймақта – қалған өңірлер.
Айта кетейік, кеше Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин күшейтілді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!