Бүкіәлемдік экономикалық форумның сарапшылары Қазақстанды әлемде жолдары ең нашар елдердің қатарына жатқызған еді. Осыны бүгін Мәжіліс депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Альберт Рау министр Қайырбек Өскенбаевтың бетіне басты, деп хабарлайды Экспресс К.

Жүргізілген зерттеулерге сәйкес, жол сапасы бойынша әлемдік рейтингте Қазақстан 93-ші орында тұр. Тізімде барлығы 141 ел бар.

Бұл рейтингте Кения мен Танзания сияқты елдер бізден жоғары тұр… Битум мәселесі өзекті. Отандық кәсіпорындар қажетті көлемді қамтамасыз етуде қиындықтарға тап болып отыр,

— деді Альберт Рау.

Ол битумның сапасы біздің табиғи-климаттық жағдайымыз үшін әзірленген ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келмейтінін айтты.

Қыркүйек айында жол сапасына байланысты әлемдік рейтинг жаңартылған болатын. Алғашқы үштікте Сингапур, Нидерланд, Швейцария бар. Көрші елдерден Ресей 99, Қырғызстан 113-орынға жайғасқан. Есесіне, Альберт Рау айтқандай, Африканың Зимбабве, Кения, Танзания секілді елдері бізден жоғары тұр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!