Фото: pexels
ТМД елдері арасында жұмыссыздық бойынша Қазақстан Тәжікстан мен Әзірбайжаннан кейін үшінші орында тұр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Биыл қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда жұмыспен қамту саласындағы қызметтердің көлемі 374,6 млрд теңгеге жетті. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда құндық мәнде 4,6%-ға аз.
ТМД елдерінің ішінде Қазақстан жұмыссыздық бойынша Тәжікстан (11,6%) мен Әзірбайжаннан (5,6%) кейін үшінші орында тұр. Қазақстаннан кейінгі орынға Өзбекстан (4,5%), Түркіменстан (4,3%), Беларусь (3,4%), Қырғызстан (3,3%), Ресей (2,5%) және Молдова (1,4%) жайғасты.
ILOSTAT мәліметінше, 2024 жылғы жұмыссыздық деңгейі бойынша Қазақстан Орталық Азияның 187 елінің ішінде 104-орынға тұрақтады. Бұл тізімде Африкада орналасқан Эсватини (34,4%) көш бастап тұр. Екінші орында Оңтүстік Африка (33,2%), Джибути (25,9%) үшінші орында тұр.
Басылымның мәліметінше, ресми статистика біршама жақсарған. Алайда сол күйі көрсеткіштер жоғары деңгейде қалды. Қазақстан бойынша жұмыссыздық деңгейі қалада – 4,6% болса, ауылдық жерлерде – 4,7%-ға жетті. Еліміздегі жұмыссыздықтың басты себептері:
- Отбасылық жағдайларға байланысты (100,2 мың адам);
- Өз еркімен жұмыстан босатылуы (95,6 мың адам);
- Жұмысқа орналаса алмау (92,2 мың адам).
Көбіне жұмыссыз жүргенде бір айдай жұмыс іздейді. Биылғы жылдың үшінші тоқсанында еліміздегі жұмыссыз адамдардың саны 127,5 мың болды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!