Атырау облысында әлеуметтік осал санаттағы отбасыларға газ төлеміне жеңілдік қарастырылған пилоттық жоба іске қосылды. Бағдарлама Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен QazaqGaz Aimaq компаниясының бірлесуімен жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жеңілдікке атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй субсидиясын алатын отбасылар ие болады. Оны рәсімдеу үшін ешқандай қосымша құжат немесе анықтама талап етілмейді – тек жеке есепшот нөмірін көрсету жеткілікті.

Жеңілдік берілгені туралы хабарлама 1414 қысқа нөмірінен SMS түрінде келеді. Ал рәсімдеу процесі eGov Mobile қосымшасындағы «Әлеуметтік әмиян» бөлімінде жүргізіледі.

Жоба аясында газ төлеміне 20 пайыздық жеңілдік қарастырылған. Инициаторлардың айтуынша, бұл шара тұрмысы төмен отбасылардың жүктемесін азайтып, баға өсіп жатқан кезеңде маңызды әлеуметтік қолдау болмақ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!