Бүгін «AMANAT» фракциясының кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.   Жиынға  премьер-министр Әлихан Смайыловта қатысып, атқарылған жұмыстар бойынша алғаш рет есеп беріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әлихан Смайылов өз баяндамасында Үкіметтің 500-ге жуық функциясы орталық мемлекеттік органдарға берілгенін және жергілікті атқарушы органдарың өкілеттіктері кеңейгенін атап өтті. 

 «Абай, Ұлытау және Жетісу облыстары құрылды. Бұл тек осы өңірлердің ғана емес, жалпы еліміздің дамуына үлкен серпін береді. Агломерацияларды дамыту мақсатында биыл жергілікті билік органдарының агломерацияларды дамыту саласындағы өкілеттіктерін кеңейтуге бағытталған заң қабылданды. Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді орталықсыздандыру бойынша жаңа әкімшілік реформа аясында жұмыс жүргізілуде», – деп атап өтті Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметшілер саны 15%-ға азайған.

«Осы жұмыс – мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастырудағы кезекті қадамы. Бұл министрлер мен әкімдердің өздері басқарып отырған салаларды дамытуға деген жауапкершілігін арттырады», – деді Әлихан Смайылов.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!