Фото: fingramota.kz

Қазір банктер қарыз алушыларға несиені мерзімінен бұрын өтеген жағдайда айыппұл салуы мүмкін. Алайда 31 тамыздан бастап қарапайым азаматтар үшін мұндай айыппұлдар алып тасталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Енді қазақастандықтар несиені мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігін пайдалана алады. Оылайша сіз артық төлемдерді айтарлықтай үнемдей аласыз. FinGramota медиа-порталының мәліметінше, төлемдердің екі түрі бар:

– Толық мерзімінен бұрын өтеу қалған қарыз сомасы мен нақты пайдаланылған күндерге есептелген пайыз толығымен төленеді;

– Ішінара (жартылай) мерзімінен бұрын өтеу – негізгі төлемге қосымша сома енгізіледі. Бұл қарыздың жалпы көлемін азайтады немесе төлеу мерзімін қысқартады.

Екі жағдайда да банк өз кірісін толық көлемде ала алмайды. Сондықтан да банктер бұған қарсы «қорғаныс тетігін» қолданады. 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес банктер мерзімінен бұрын өтеу үшін айыппұл санкцияларын қолдана алады:

– егер несие бір жылға дейінгі мерзімге берілсе алғашқы алты айда мерзімінен бұрын өтеу үшін;

– егер несие бір жылдан астам уақытқа берілсе алғашқы 12 айда мерзімінен бұрын өтеу үшін.

Мәселе мынада, айыппұл сомасы банк алмаған сыйақы сомасына жетуі мүмкін. Мұндай жағдайда адам несиені мерзімінен бұрын жауып тастаса, сөзбе-сөз ешнәрсе ұтпайды. Жай ғана мерзім ішінде төлеген қаражатынан бірден айырылады. Дегенмен жақсы жаңалық бар. 2025 жылдың 31 тамызынан бастап заң өзгереді. Заңға сәйкес, мұндай айыппұлдар тек заңды тұлғаларға қатысты болады.

Қарапайым халыққа, яғни жеке тұлғаларға бұдан былай мерзімінен бұрын өтеу үшін айыппұлдар болмайды;

қарызды кез келген уақытта айыппұлсыз өтеуге болады.

Бұл несиесін мерзімінен бұрын өтеуді шешкен қазақстандықтар өз мүдделерінің бұзылуынан қорықпауына болады деген сөз. Дегенмен, мұндай процеске мұқият қарау керек:

қарыз алушының қаржылық «қауіпсіздік жастығы» болуы керек. Егер жоқ болса, мерзімінен бұрын өтеуден бас тартқан дұрыс;

банктен мерзімінен бұрын өтеудің ең аз сомасын, мерзімін және өтініш формасын (мерзім/төлем) тексеруі қажет;

сыйақы төлеу күніне дейін соманы енгізу және таңдалған кесте опциясын бекіту керек;

жаңа кестені алып, мерзімнің/төлемнің қысқаруын және қалған қарызды тексеру керек;

қарызды толық жабу кезінде сіз екі анықтаманы алуыңыз керек: қарыздың жоқтығы туралы және шоттың/келісімшарттың жабылғаны туралы. Егер ол ипотека болса, ауыртпалықты алып тастаңыз;

2-4 аптадан кейін несие тарихын және қателердің жоқтығын тексерген жөн (комиссиялар, қызмет пакеттері, автоматты есептен шығару).

Мерзімінен бұрын өтеу үшін өсімпұлды алып тастау қазақстандықтар үшін несиелерді тиімдірек етеді. Бірақ нәтиже бәрібір қарыз алушының бұл құралды қаншалықты сауатты пайдаланғанына байланысты болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!