kaz.nur.kz
2022 жылдың ІІІ тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыз, ал жұмыссыз қазақстандықтардың саны 450,3 мың адамды құрады, деп хабарлайды Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының ресми сайты.
Бюроның мәліметінше, 2022 жылы III тоқсанда Қазақстан экономикасының әр түрлі саласында 8,8 млн адам жұмыспен қамтылған. Олардың 6,7 млн-ы жалдамалы қызметкер болса, 2,1 млн адам өзін-өзі жұмыспен қамтушылар. Жалпы жұмыспен қамту 2021 жылғы III тоқсанмен салыстырғанда 12,5 мың адамға, жалдамалы қызметкерлер саны 28,5 мың адамға өссе, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны, керісінше, 16 мың адамға азайған. Толық жұмыспен қамтылмағандар саны алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 8 пайызға өсіп, 299,3 мың адамды құрады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!