Қазақстанда тұрғын үйді жалға алу тағы да қымбаттай бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Krisha.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бір айда 27 маусым мен 26 шілдені салыстырғанда, бағалар 4,2%-ға өсті.
Бағаның өсуі 13 қаланың 11-де тіркелген, онда тұрғын үйді жалға беру бойынша ұсыныстар бағасына мониторинг жүргізілді.
- Қостанай, Петропавлда 10%;
- Алматы, Шымкент 7%;
- Ақтауда 5%;
- Ақтөбеде 4%;
- Астана, Қарағанды, Орал қалаларында 3%;
- Павлодарда, Көкшетаудa 2%-ға артты.
- Атырауда баға өзгерген жоқ. Ал Өскеменде 1 пайызға төмендеді.
Сұраныс пен жалдау бағасының өсуі шілде айының ортасында басталды.
27 шілдеге ҚР қалаларында тұрғын үйді жалға алудың орташа бағасы төмендегідей:
бір бөлмелі пәтер – 124 мың теңге;
екі бөлмелі пәтер – 165 мың теңге;
үш бөлмелі пәтер – 209 мың теңге.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!