Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 395,2 миллион теңге сомасына зейнетақы төленді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, соның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 131,3 миллион теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 263,9 миллион теңге қарастырылған.
1 ақпандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 миллион 538 мың адам.
«1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері – 157 843 теңге, соның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 103 931 теңге, базалық зейнетақы мөлшері – 53 912 теңге», – деп жазылған хабарламада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
