Фото: Shutterstock

2024 жылдың I тоқсанында екінші деңгейлі банктер мен жеке банктік емес айырбастау пункттері жалпы салмағы 816,4 келі болатын 18 969 өлшеуіш құйма сатты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Ұлттық банкке сілтеме жасай отырып.

2024 жылдың I тоқсанында өлшеуіш құймаларды сатудың ең үлкен көлемі келесі өңірлерде тиесілі екені хабарланды:

Алматы (12 456 дана, 66%);
Шымкент (2 861 дана, 15%);
Жетісу облысы (983 дана, 5%).

Ұлттық банктің мәліметінше, 2017 жылы халық үшін тазартылған алтынның өлшеуіш құймаларын сату және сатып алу жөніндегі бағдарламаның басталуынан бастап жалпы салмағы 6,2 тонна 170 543 алтын құйма сатылған. Кері сатып алуға жалпы салмағы 937,7 келі болатын 34 569 өлшеуіш құйма қабылданды, бұл өлшеуіш құймаларды сатудың жалпы көлемінің 20% құрайды.

Сатып алушылар арасында ең танымалы – салмағы 10 грамдық құйма, оның жалпы сатылымының үлесі 25% – 43 039 дана. Одан кейін 100 грам – 40 004 дана (23%), 5 грам – 39 093 дана (23%), 20 грам – 28 581 дана (17%) және 50 грам – 19 826 дана (12%).

Бұған дейін Ұлттық банкте алтын-валюта резервтері шамамен 2 млрд долларға өскені хабарланған болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!