KAZINFORM – Қазақстандықтардың несие портфелі жыл санап артып келеді. 2025 жылдың 1 қаңтарында жеке тұлғалардың кредиттік ұйымдар алдындағы жалпы берешегі 24,1 трлн теңгеге жетті.

Бірінші несие бюросының бас директоры Руслан Омаровтың айтуынша, жалпы несиелердің 90 пайыздан астамы кепілсіз тұтынушылық, ипотека және автонесиеге тиесілі.

Кепілсіз тұтынушылық несие: Қарыз көлемі 2025 жылдың басында 11,7 трлн теңгеге жетті (бір жылдағы өсім +22,9 пайыз).

Ипотекалық несие: Бір жылда 14,1 пайызға өсіп, 2025 жылдың 1 қаңтарына қарай 6,7 трлн теңге болды.

Келісімшарттар саны: 9,9 пайызға артып, 627,6 мыңға жетті.

– Қарыз алушылар саны 10,3%-ға өсіп, 600 мың адамға жетті. Жыл басындағы орташа қалған қарыз 10,6 млн теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,8%-ға артық,– деді Руслан Омаров.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!