Фото әлеуметтік желіден алынды
Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны атанған 5 балаға “Отбасы банк” 2 миллион теңгеден береді. Бұл туралы «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Отбасы банкі» еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанған балалардың болашағына да өз үлесін қосқысы келеді. Біз оларға әрқайсысы 2 миллион теңге номиналды құны бар сыйлық сертификатын сыйлаймыз. Бұл сертификат жай ғана сыйлық емес. Ол – жарқын болашаққа жолдама. Бұл қаражат жеке баспана сатып алудың алғашқы қадамы болады», – деді басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Ләззат Ибрагимованың айтуынша, сертификатты қолдану үшін балалардың ата-аналары өздері тұрып жатқан қаладағы банк бөлімшесіне баруы керек.
«Өздерінің және баланың туу туралы куәлігін көрсетуі тиіс. Немесе видеобанкинг арқылы да хабарласуына болады. Ол үшін ата-аналарға 3 ай уақыт беріледі»,- деді «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.
Бұған дейін Тоқаев Қазақстан халқы 20 миллионға жеткенін мәлімдеді.
Қазақстанның 20 миллионыншы адамы кім екені белгілі болғаны туралы да жазған едік.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!