Қызылорда қаласындағы №278 мектепте орналасқан №349 референдум учаскесінде қоғам қайраткері Сайлаубай Әбішев дауыс берді.
Ол бүгін өтіп жатқан маңызды саяси науқанға алғашқылардың бірі болып келіп, өз таңдауын жасады. Таңғы уақытта дауыс беру учаскесіне келген қоғам қайраткері азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетті.
Сайлаубай Әбішев референдумның ел үшін маңызы зор екенін атап өтіп, әрбір азаматтың өз дауысын беруі мемлекет болашағы үшін маңызды екенін жеткізді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!