QR-код арқылы төлем жасайтын ортақ терминал жасалуы мүмкін. Бұл терминал Қазақстандағы банктердің бәріне ортақ қызмет көрсетпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Электронды сауданы дамытуға арналған «E-commerc Forum» атты форумда вице-министр Әсел Жанасова осындай жоспар бар екенін мәлім етті.
Айтуынша,бұл қолма-қол ақшасыз атқарылатын сауданың үлесін ұлғайтып, ашықтыққа жол ашады.
«Былтыр біз QR-төлемді теңестіріп, QR-кодтарды стандарттауға күш салдық. Кімнің клиенті екенің маңызды емес, Halyk Bank, Kaspi, Jusan қосымшасын пайдалансаң да, бәрінің жүйесі оқитын ортақ QR болуы керек. Бизнестің әр субьектісіне бір-бір POS-терминал ұстап қажет емес. Әр терминалға ақы төлеу керек болады. Бәріне ортақ бір терминал болса, оған нарықтағы бүкіл ойыншылар қатыса алуы керек. Биыл бүкіл банктер өз жүйесін жетілдіреді. Соның арқасында қазақстандықтар кез келген терминалдан төлем жасай алады. Яғни, банктер бір-бірінің QR төлемдерін оқи беретін болады», – деді Әсел Жанасова.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!