2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында ауыл шаруашылығында 19,4 млрд.теңгеніңөнімі өндіріліп, 2024 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,3%-ға артты.
Ағымдағы жылы облыс бойынша барлығы 193,7 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру болжанып отыр. Оның ішінде дәндi дақылдар 92,1 мыңгектар, майлы дақылдар 5,5 мың гектар, мал азықтық дақылдар 78,6 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 17,5 мың гектар.
Жол картасына сәйкес күріш көлемін 80,9 мың гектарға орналастыру болжануда.
Негізгі дақыл күрішті егу жұмыстары ағымдағы жылдың 21 сәуірінде басталып, бүгінгі күнге 45,5 мың гектар (53%) егіліп, 35 мың гектары (77%) суға бастырылды.
Бүгінгі күні ерте егілетін дақылдар толық егілді.
Облыстың шаруашылық құрылымдары қажетті тұқымдық материалдарымен, минералды тыңайтқыштармен, техникалармен, дизель отынымен толық қамтамасыз етілген.
Көктемгі дала және егін егу жұмыстарының атқарылу барысы тұрақты бақылауда.
Өңірдің мал шаруашылығы саласында оң динамика қалыптасуда.
Мал басын былтырғы жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда МІҚ-20,3%-ға, жылқы-4,2%-ға, түйе-2,2%-ға артып, қой мен ешкі-14,7%-ға артты.
Сонымен қатар, Жол картада облыс бойынша құны 57,1 млрд. теңгені құрайтын 30 инвестициялық жобалар қамтылған. Бұл жобалардың жүзеге асырылуы 295 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
2025 жылы жалпы құны 13,5 млрд. теңгені құрайтын 14 инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, 105 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Қазіргі таңда 2 жоба іске қосылып, 15 жаңа жұмыс орны ашылды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!