Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне 37 жастағы қала тұрғыны арызданды. Арызданушының айтуы бойынша, 2006 жылы туылған баласы түскі уақытта үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, үйіне оралмағаны туралы айтып, 102 арнасына хабарлама түсірген. Жасөспірімді іздеу жұмыстарына ювеналды полиция, патрульді полиция нарядтары жұмылдырылып, үйлердің шатырлары мен аулалары, құрылыс жүріп жатқан обьектілер, мекемелердің аулалары араланып, тұрғындардан сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Әлеуметтік желіде ақпараттар тарап, тұрғындардың қырағылының арқасында жоғалған жасөспірім бірнеше сағаттың ішінде қалаға қарасты Махамбет ауылынан табылып, ата – анасына аман – есен тапсырылды. Кәмелет жасына толмаған баланың денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.ҚПБ- басшылығы ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауды тағы да ескертеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!