Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысына соңғы үш жылда шет елден 700-ден астам отандасымыз көшіп келіп, қандас мәртебесін алды. Атамекенге аңсары ауған қандастырымыздың басым бөлігі Өзбекстан және Ресей елінен келген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте ОПД Көші-қон қызметі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сағындық Қамитбеков мәлімдеді.

«Бүгінде басқарма тарапынан 21 мың 500 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді. Оның 21 242-сі электронды, ал 258-іне қағаз түрінде жауап берілді. Ал облысқа жыл басынан бері 311 шетел азаматы келіп, уақытша тіркеуге алынды. Олардың дені жұмыс істеуге келген. Бұған қоса, аймақта мүмкіндігі шектеулі және зейнеткерлерді, көп балалы аналарды құжаттандыру үшін арнайы мобильді топ ұйымдастырылды. Бүгінгі күннің өзінде 160 тұрғынның құжаты әзірленді. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табады», – деді Сағындық Убайдуллаұлы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!