Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне облыс тұрғынынан Қызылорда қаласы, Наурыз мөлтек ауданында орналасқан «Қызылордаэкспортастық» ЖШС-нің кірпіш зауытында өндірген күйдірілген кірпіш өнімінің сапасына байланысты арыз түсіп қаралды.

  Департаментпен арызда көрсетілген мәліметтерді тексеру, сондай-ақ бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу мақсатында «Қызылордаэкспортастық» ЖШC-гі кәсіпорнына жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Жүргізілген тексеру нәтижесінде  «Қызылордаэкспортастық» ЖШС-гі өзі өндіріп отырған күйдірілген кірпіш өнімінің сәйкестігін растаудан өткізбей, өнімге сәйкестік сертификатын алмағандығы анықталды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде күйдірілген кірпіш – ТН ВЭД коды 6904100000, қауіпсіздік талаптары белгіленетін құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының тізбесінде «қабырға материалдары (темір-бетон панелдерінсіз) бөліміне кіргізіліп, сәйкестігі міндетті растауға жататын өнімдер тізбесіне енгізілген. Осы техникалық регламент талабына сәйкес күйдірілген кірпіш өнімі сәйкестігі міндетті растауға жатады.

Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңында «сәйкестік сертификаты – техникалық реттеу объектілерінің техникалық регламенттерде және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат – деп көрсетілген. Осы «Техникалық реттеу туралы» Заңының талабына сай, техникалық регламенттер өзіне қатысты қолданысқа енгізілген, сәйкестікті бағалаудан өтпеген, сондай-ақ сәйкестікті бағалау туралы құжаттарсыз өнімді айналысқа шығаруға тыйым салынады деген талабы сақталмай, кәсіпорын тарапынан  заң бұзушылыққа жол берілген.

Департаменттің жүргізген жоспардан тыс тексеру қорытындысымен «Қызылордаэкспортастық» ЖШС-не шығарып жатқан күйдірілген кірпіш өнімінің техникалық регламентте және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес, сәйкестікті растау және (немесе) бағалау құжаттарынсыз өткізу дерегі бойынша Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 415-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қозғалып, кәсіпорынға 672750 теңге әкімшілік айыппұл салынып, заң бұзушылық жасаған заңды тұлға  жазаға тартылды.

                                                    Техникалық реттеу және метрология

                                                      комитетінің Қызылорда облысы

                                                           бойынша департаменті

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!