Іnbusiness.kz. 2025 жылдың сәуірінде 19 247 жеңіл және коммерциялық автомобиль сатылды, бұл былтырғыдан 35,9% жоғары көрсеткіш.

Жыл басынан бері ресми дилерлер 66 090 автомобильдерді сатса, өткен жылы 53 605 көлік өткен (+23,3%), деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Қазақстанның Автокөлік Одағына сілтеме жасап.

Ең көп өткен 10 автомобиль қатарында өзгеріс жоқ. Бірінші тұрған Hyundai дилерлері дәстүрден жаңылмай, 4 393 көлік сатты (былтырғы сәуірмен салыстырғанда +44,4%). Chevrolet де әдеттегідей екінші орынға жайғасты (2 725; +84,5%). Үздік үштікке енген Kia-ның нәтижесі – 2 207 (+25,2%).

Бұл жолы Chery бренді төртінші сатыға қайта көтерілді 1 434 (+38,8%). Сәуірде 1 368 көлігі иесін тапқан Jetour бесінші қатардан көрінді. Әрі қарай тізімде Geely (1 051; +44,4%), Haval (1 046; +76,7%), Toyota (744; +6,9%), Changan (691,  -20%) және Jac (661; -35,8%) бар.

Нарыққа қайта оралған Skoda (280, +536,4%) мен Lada (204, +423,1%) жақсы өтіп жатыр. BYD-дің де бастамасы жаман емес — сәуір айында 136 машинаның кілтін тапсырды.

Сәуірде халық автосалоннан 20 мыңға жуық жаңа көлік алды

«Сәуірде сұраныс жоғары болған модельдер ішінде Chevrolet Cobalt (2 194) Hyundai Tucson (1 762) және Kia Sportage (1 000) басым. Одан бөлек тізімге Hyundai Mufasa (745), Hyundai Elantra (580), Hyundai Santa Fe (548), Chery Tiggo 7 Pro (538), Kia K5 (495), Haval M6 (456) және Geely Coolray (393) кірді», – деп мәлімдейді Қазақстанның автокөлік одағы. 

Төрт айдың қорытындысы бойынша брендтер көшін Hyundai (16 098; +30,7%) бастап тұр, екінші жүлде 8 734 автомобилі өткен Chevrolet-ке бұйырды (+81,4%), Kia клиенттері 7 112 автомобильдің иесі атанды (+7,1%). Chery-дің 4 531 моделі иесін тапса (+1,3%), бестікті Jetour маркасы түйіндеді 4 471 (+74,5%).

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!