Бас прокурор Берік Асылов Мәжіліс депутаттары ұсынған ақпаратты тексеруді тапсырды, деп хабарлайды Экспресс К.

Ол өзінің Twitter-дегі парақшасында Алматыдағы кей жерлерге қатысты заңсыздықтарды анықтап, тексеруді талап етті.

Алматының прокурорына депутат Азат Перуашевтің Медеу табиғи паркі аумағының бір бөлігін иеліктен шығарып жібергені туралы ақпаратын тез арада тексеруді тапсырдым. Егер ақпарат расталса, заңсыздық жойылып, кінәлі адамдар жауапқа тартылады,

— деп жазды Бас прокурор.

Айта кетейік, бүгін Мәжіліс отырысында депутат Азат Перуашев белгілі заңгер Бақытжан Базарбектің мәліметіне сүйене отырып, Алматыдағы Медеу табиғи саябағының 20 пайызы тұрғын үй құрылысы үшін заңсыз берілгенін мәлімдеген еді.

Алматының бұрынғы басшылығы (Бақытжан Сағынтаев) былтыр Медеу мемлекеттік табиғат паркінің рекреациялық аймағынан шамамен 22,5 гектар аумақты шығарып тастаған. Бұл аумақта бірегей өсімдіктер мен жануарлар әлемі бар орман алқабы орналасқан,

— деді депутат.

Бұған дейін заңгер Бақытжан Базарбек Қазақ Ұлттық университетіне қарасты 8 гектар жердің жекенің қолына өткенін Алматыны әр жылдары басқарған Иманғали Тасмағамбетов, Ахметжан Есімов және Бауыржан Байбектен көрген еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!