Бүгін елімізде үлкен саяси науқан өз жұмысын бастады. Яғни, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтуде.
Еліміздің тарихындағы көппартиялық сайлау жүйесі бойынша партиялардың үлес салмағы дәл осы сайлауда нақтыланады. Тәуелсіз еліміздің тарихында бірінші рет бұл саяси додаға елімізде тіркелген 5 партия өкілдері қатысуда.
Бұл партия өкілдері өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен Сыр бойы тұрғындары арасында кездесулер өткізіп, ой-пікірлерін айтты. Олардың барлығына ортақ міндет, ой ҚР болашағына деген үлкен сенім, ел тұтастығын, ел бірлігін бірінші кезекке қойып, халқымыздың өмір сүру сапасын жақсарту болып отыр. Біз олардың барлығына өз ризашылығымызды білдіреміз.
Құрметті Сыр халқы! Бүгінгі саяси науқаннан қалыс қалмаңыз. Әр тұрғын өз таңдауын жасап, елдің болашағына жауапкершілікпен қарап, азаматтық борышымызды бір кісідей атқаруға шақырамын.
Сайлаубай ӘБІШЕВ,
Қызылорда қалалық ардагерлер
кеңесінің төрағасы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!