Қазіргі таңда облыс аумағында, оның ішінде Қызылорда қаласының салық базасын ұлғайтуға, әрбір өңір өз бюджет кірісінің үлесін арттыруға бағытталған шараларды қабылдау жөнінде аймақ басшысы тапсырма беріп, тапсырмаға сәйкес жұмыстар кешенді түрде жүргізілуде.

Осы орайда, Қызылорда қаласы әкімінің өкімімен салық базасын арттыру бағытында жұмыс жоспары бекітілді. Оған барлық мүдделі органдар, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың қатысуымен жұмыстар жүргізілуде. Айта кетейік, 1 қаңтардан бастап, шағын бизнесті тексеруге мораторий аяқталғанымен себепсіз тексеру жұмыстарына тосқауыл қойылып, кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетілуде.

Мұндағы негізігі мақсат кәсіпкерлерге айыппұл арқалатпай, салық міндеттемесін орындауын түсіндірме жұмыстары арқылы жеткізу. Яғни, Салық кодексіне енгізілген өзгерістер туралы, салық есептілігін тапсыру бақылау кассалық аппаратын тіркеу, коммерциялық нысандардың мүлік, жер салықтарын төлеу, орналасқан жарнама объектілерін заңдастыру, алкоголь өнімдерін сатуға лицензия алу және жұмысшылардың еңбекақы қорының толық төленуі туралы ақпараттық-түсіндірме беру.

Былтырғы жылы түсіндірме жұмыстары нәтижесімен жергілікті бюджетке қосымша  418,2 млн. теңге түсім түсті. 

Оның ішінде:

  • жұмысшылардың еңбекақы қоры бойынша 217,3 млн.тенге жеке табыс салығы мен әлеуметтік салығы;
  • кәсіпкерлік мақсаттағы ғимараттарды түгендеу барысында 192,1 млн.теңге;
  • сыртқа жарнама бойынша 9,6 млн.теңге қосымша бюджетке түскен болатын.


Алдағы уақытта, жоғарыда аталған тапсырмаларды толық орындалуына және бюджеттің қосымша кіріс көздерін ұлғайтуға, салықтық әкімшілендіру жұмыстарын жақсартуға және бюджет түсімдерінің толықтығын қамтамасыз ету үшін жұмысшы тобымен салық төлеушілер арасында кеңінен түсіндірме (түгендеу) жұмыстары жалғаса береді. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!