Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық шараларын сот төрелігінің міндеттерін іске асыру мақсатында қолданады. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін бұған кінәлі адамдар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен әкімшілік жауаптылыққа тартылады. Сот отырысында сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі анықталғандығы туралы осы бұзушылық анықталған сот отырысында сот кеңесу бөлмесіне кетпестен жариялайды. Осы факт сот отырысының хаттамасында тіркеледі. Бұл ретте әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды. Өзіне қатысты сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі анықталған адам, сондай-ақ, іске қатысатын өзге де адамдар өз түсініктемелерін беруге құқылы. Егер сотқа құрметтемеушілік сот отырысында білдірілсе және тәртіп бұзушы сот отырысының залынан шығып кеткен жағдайда, сот отырысынан тыс сотқа құрметтемеушілік білдірілмеген кезде, сондай-ақ егер сот отырысына келуден жалтару белгіленсе, сот приставы немесе соттың өзге жұмыскері сот төрағасының немесе сот отырысына төрағалық етушінің ауызша хаттама жасайды, бұл жөнінде құқықбұзушылық туралы хаттамада көрсетіледі. Құқықбұзушылқ туралы хаттама қажетті материалдармен бірге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіпке сәйкес қарау үшін сотқа жіберіледі.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 653–бабына сәйкес, Процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк) жасалған жағдайда, ескерту жасауға не жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

Егерде жоғарыда аталған әрекеттер бір жыл ішінде қайталанып жасалған жағдайда отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

Сондай- ақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 9-тарауында сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық шаралары және оның тәртібі көрсетілген. Егер сот отырысында тәртіп бұзушының әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болса, осы адам қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгеруші Ә.Р.Жақсылықов

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!