Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық барлық мемлекеттерде тамырын тереңге жіберген қатерлі дертке айналып отыр. Сондықтан онымен күресу, тоқтаусыз, барынша қатал әрі нәтижелі түрде жүргізілуі тиіс. Жемқорлықпен күрес кез келген қоғам үшін әрқашан өзекті әрі ғаламдық мәселе болып отыр. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады.
Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытыңдысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.
Жалпы еліміздің әр бір азаматы сыбайластыққа жол бермей мына төмендегі ережені сақтаса жемқорлық жойылады деп айтуға болады. Парақорлыққа делдал болғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы шараларды қабылдамау – заңнамамен көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. Сыбайлас жемқорлыққа шалдығу–абыройсыздық. Сыбайлас жемқорлық ірілі-ұсақ болмайды, оның әрбір қадамы елімізге елеулі залал келтіретін апат. Өз жұмысыңыздың жеке бас пайдаңызға емес, заңдылық пен адалдыққа бағытталуға тиіс екендігін есте сақтаңыз.
Мемлекеттік қызмет – бұл абырой мен артықшылық ғана емес, қоғамның болашағы үшін жауапкершілік. Сыбайлас жемқорлықпен күрес–еліміздің болашағына төнетін қауіпті жою. Адалдық және парасаттылық – әр мемлекеттік қызметшіге тән болуға негізгі қасиет. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
Г.Джурабекова,
Қызылорда облысының
Әділет департаментінің
бас маманы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!