Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сырдария ауданына жұмыс сапары аясында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңейтілген мәжіліс өткізді. Жиында аудандағы негізгі салалардың жұмыс нәтижелері мен мәселелері талқыланды. Оған ауданның барлық ауылдық округ әкiмдерi, облыстық басқармалар мен аудандық бөлiм басшылары қатысты. Сырдария ауданының ауылдары облыс орталығына жақын орналасқандықтан, басқа аудандарға қарағанда кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндігі жоғары. Өнімдерді өткізудің бұрыннан қалыптасқан жолы бар.Аймақ басшысы Сырдария ауданы 2023 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша 2-ші орын алғанымен, рейтингтегі 10 көрсеткіштің 4-уінде орташа және төмен даму динамикасы қалыптасқанын атап өтті.«Қазіргі кезде ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту бағытында мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда. Соның бірі – «Ауыл – ел бесігі» жобасы. Былтырдың өзінде осы жоба арқылы аймақтағы ауылдарға 7,8 млрд. теңге бағытталып, тиісті жұмыстар жүргізілді. Сырдария ауданына бағдарлама шеңберінде 11 жобаны жүзеге асыруға 801,2 млн теңге бөлінді. Биыл 1 кент 4 ауылдық округтің 1 млрд. 858 млн. теңгені құрайтын жобалары қолдау тапты. Дегенмен, осы бағдарлама бастау алғалы ауданға қарасты 6 елді мекенге мүлде қаржы қаралмаған. Айдарлы, Жетікөл, Бесарық, Іңкәрдария, Сәкен Сейфуллин және Асқар Тоқмағамбетов елді мекендеріспутникті және тіректі ауылдар тізімінде бола тұра, ұсынылған мүмкіндіктерді тиімді пайдаланбаған», – деді аймақ басшысы.«Ауыл аманаты» жобасына Аманкелді, Айдарлы, Шаған және Іңкәрдария ауылдық округтері ғана қатысқан. Аймақ басшысы аудан әкімдерінен скринингтен өткен ауылдардан басқа да елді мекендер бойынша кемінде 2 млрд. теңгеге жоба жасап, ұсынуды талап етті. Мемлекеттік бағдарламалар кәсіп ашудың, ауылды көркейтудің жөн-жобасын көрсетті. Ендігі кезекте барлық тетіктерді қосып,қаржы тартуға жұмыла жұмыс істеу керек.Нұрлыбек Машбекұлы аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлынаелдің мұң-мұқтажына дер кезінде жауап қатып, оңтайлы реформаларды халыққа түсіндіруді,жазғы демалыс кезінде балалар қауіпсіздігін бақылауды тапсырды. Жұртшылықпен тығыз жұмыс атқарылса, көптеген өзекті мәселелер тез шешім таппақ. Бұл бір жағынан азаматтардың көңіліндегі алаңдаушылықты басса, екінші жағынан билікке сенімін арттырады.Былтыр ауданға қарасты кент және ауылдық округтерде 102 қылмыс тіркеліп, оның 84-і, немесе 82%-ы ашылған. Биылғы қаңтар-сәуір айында 37 қылмыс тіркеліп, оның 8-і немесе 22 пайызы әлі ашылмаған. Осы реттеқылмыстарды ашу міндетін өз деңгейінде атқармаған аудандық полиция бөлімінің басшылығына ескерту жасалды. Жиынды қорытындылаған облыс әкімі аудан басшысына көрсетілген барлық кемшіліктерді қалпына келтіріп, жұмысты жаңаша бағытта өрбітуді тапсырды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!