Сырдария ауданы, №156 сайлау учаскесінде халықаралық көшпенділер ойынының чемпионы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Бексұлтан Бостандыков дауыс берді.
Чемпион өз таңдауын жасай отырып, елдің болашағы үшін әр азаматтың дауыс беруі маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ, журналистерге берген қысқаша сұхбатында ол сайлаудың ашық әрі әділ өтуіне тілек білдірді.
– Әр азамат өзінің дауысымен елдің дамуына үлес қосады. Бүгінгі таңда мен де өз борышымды орындадым, – дейді Бексұлтан Бостандыков.
Осылайша, белсенді азамат ретінде Бексұлтан Бостандыков жастарға үлгі болып, қоғамдағы азаматтық жауапкершіліктің маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!