Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккендерге тұрғын үйлер салынып жатыр, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Жылыой ауданында 80 үйдің іргетасы құйылған. Қазір 29-ында қабырғалар тұрғызылып жатыр. Тасқыннан зардап шеккен құрылысты жандандыру үшін үй тұрғызу мен жөндеу жұмыстарына жергілікті 7 мердігер тартылып, 100-ден астам жұмысшы еңбек етуде.
Жергілікті биліктің мәліметінше, құрылысты 2024 жылдың қыркүйек айына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Ахуалдық орталығының мәліметі бойынша, Атырау облысында 2 674 нысанға техникалық тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша 100 үй салу жоспарланған.
1 376 үй сатып алу көзделсе, бүгінде 1 341 баспана сатып алынды. Ал 1 198 үйді жөндеу көзделсе, қазір 1 174-інде жұмыстар аяқталды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!