Зияткерлік меншік саласы бойынша мемлекеттік қызметті «egov.kz» порталында «Интеллектуалдық меншік» бөлігінде жүзеге асыруға болады. «Интеллектуалдық меншік» бөлігінде «Авторлық құқық», «Өндірістік меншік», «Тауар белгілері» бөлімдерінен тұрады. Әр бөлім бойынша көрсетілетін қызметтердің түрлері стандарттарға сәйкес айқындалған. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі әзірледі.
Зияткерлік меншік саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер төмендегідей стандарттардан тұрады:
• «Тауар таңбасына және өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды басқаға беру туралы шарттарды тіркеу»
• «Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға
құқықтарды мемлекеттік тіркеу»
• «Тауар таңбасына куәлік беру»
• «Өнеркәсiптiк үлгiге патент беру»
• «Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығына куәлiк беру»
• «Пайдалы модельге патент беру»
• «Өнертабысқа патент беру»
• «Селекциялық жетістікке патент беру»
Мемлекеттік қызметті Министрлік көрсетеді. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған, немесе порталға жүгінген кезден бастап – 12 ай өткеннен кейін. Мемлекеттік қызмет электрондық қағаз түрінде беріледі.Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушыға ақылы негізде көрсетіледі. Өтінімдерді қабылдау мен сараптама жүргізу үшін «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстарға және қызметтерге бағаларға сәйкес белгіленген мөлшерде ақы алынады.
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
Тауар таңбасын тіркеу кезінде:
• Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініш;
• Төлемді растайтын құжат;
• Сенімхат немесе сенімхаттың көшірмесі;
Тауар таңбасының куәлігінің телнұсқасын беру кезінде:
• Осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті ұсыну үшін қолдаухат;
• Төлем туралы құжат;
• Сенімхат немесе сенімхаттың көшірмесі;
• Мұрагерлер өтініш берген жағдайда, мұрагерлікті растайтын құжаттың расталған көшірмесі;
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзіміне тоқталып өтсек: Аталмыш стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды жеке және заңды тұлғамен ұсынылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды және қағаз түрінде.Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде жүргізіледі.
С.Ибраев,
Жаңақорған ауданаралық әділет
басқармасы басшысының м.а.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!