Наурыз тойлағаннан кейін Желіде бірнеше күн бойы қазақстандықтардың тегін берліген палау үшін таласып, бір-бірін итеріп жатқан видеолар тарады. Адамдар бір-бірімен ұрысып кетті, сол кезде тамақ салып тұрған адамдардың да шыдамы таусылды. Бұл жағдай Рамазан айы басталғанда да қайталанды. Видеолардың бірінде ораза ұстап жатқандарға арналған ауызашарға адамдар дастарханға жанталаса жүгірген. Олар дұға оқымастан, тамақ ішуге кірісіп, жылдам тамақты сөмкелеріне және пакеттеріне салып бастаған. Бұл видеолар астындағы пікірлер екіге бөлінді. Біреулер оны тұрғындардың тәрбие көрмегендігі десе, басқалары азық-түлік қымбаттағандықтан адамдар өзін осылай ұстайтынын айтқан. Тұрғындардың мұндай әрекетін түсіну үшін Tengrinews.kz тілшісі психолог Галина Каздаева және Жаннат Галимовамен сөйлесті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Отбасылық терапевт Галина Каздаева адамдардың мұндай әрекетін тек тегін тамақ бергенде емес, демалушылар қонақүй нөмірінен заттарды алып кететін кезде де байқауға болатынын айтты.

«Бұл бейнероликтер Қазақстанның қараусыз немесе шалғай аймақтарында емес, ірі қалаларында түсірілген. Тіпті, табиғи апат, эпидемия, соғыс немесе ашаршылық салдары орын алған кез де емес. Бірақ бұл әрекет елсіз аралда немесе таудың үстінде болып жатқандай әсер қалдырады және адамдар аштықтан жынданып, аш балаларын уайымдап, сөмкелеріне тамақ салып алып жатқандай. Бұл жай ғана ақылсыздық.
 
Байқаған болсаңыз, сондай-ақ адамдар all inclusive қонақүйлеріне демалуға барғанда сыра, жаңғақтар, кәмпиттерді жинап жүреді де, шабаданын толтырып алып шығуға тырысады. Олар тамақтан бөлек сусабын, крем, халат және сүлгілерді салып алып жатады, – дейді психолог.

Сондай-ақ ол халық 90-жылдарда көрген қиындық та әсер етуі мүмкін екенін ескертті.

«Әрине, біздің көпшілігімізде 90-жылдардан тәжірибе бар. Ол кезде азық-түлік пен басқа да қажетті заттар қолжетімсіз болды. Сол балалар қазір кезінде тамақ іздеуге мәжбүр болған ата-анасының әрекетін қайталап, үлкен кезекте тұруы және оны барынша көп мөлшерде алуға тырысуы мүмкін. Десе де, қазір бізде барлығы еркін қолжетімді.», – деді психолог.

Психолог ата-ана балаларына үлгі екенін ұмытпауды ескертті.

«Егер ауқымды түрде қарасақ және жүйелер теориясына сүйенсек, онда адамдардың бұл әрекеті елдегі жоғары деңгейде болған нәрселерді көрсетеді. Бұл теорияға сәйкес, жүйеде барлық деңгейде бірдей заңдар жұмыс істейді және бәрі бірдей қызмет етеді. Яғни, жүйенің кез келген шағын бөлігі бүкіл жүйенің жаһандық үрдістерін толық көрсетеді. Ал қазір басшылық қызметте жүрген көпшілік өкілдердің заңсыз алған олжаларын мемлекет бюджетіне қайтару бойынша ауқымды жұмыстардың атқарылып жатқаны қуантады.
 
Бірақ мен бәрін жоғарыға «ысырып» тастай алмаймын, өйткені әрбір адам өз еліне қолынан келгенше инвестиция салады. Және ол отбасыдан басталады. Балаларды сөзбен тәрбиелеудің мәні жоқ. Өйткені, олар бәрібір беделді ересектердің әрекетін көшіреді. Егер ата-ана дастарханға отырып үлгермеген және тамақ ішпеген басқа адамдардың бар екенін ойламай, алдындағы тамақтарды сөмкелеріне салып алса, балалар да солай істейді. Өткен жылдың қаңтар оқиғасы кезіндегідей ұрлық жасау, сынған дүкендерден бәрін алып шығу», – деп түсіндірді маман.

Психолог көпшіліктің осындай әрекетінің негізгі себебі – төмен әлеуметтік жауапкершілік екенін айтып өтті.

«Мұндай әрекеттердің негізінде бірдей себептер жатыр.  Бұл әлеуметтік жауапкершіліктің төмендігі, оның артында балалық психологиялық жетілмегендік жасырылған. Өз өміріне, денсаулығына, қаржысына және іс-әрекетіне жауапты адам ешқашан хайуандық инстинкттерге түспейді және құзырлы органдар, дәрігерлер, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері және жалпы мемлекетті аз ақша бөлгені үшін кінәламайды.

Психологиялық өскен адамда «жеткілікті» деген түсінік жұмыс істейді. Ал жетілмеген психика кезінде адамдар өздерін кішкентай балалар секілді ұстайды. Егер ұнап тұрса, біреудің ойыншығын тартып алады. Қалтасын кәмпиттермен толтырып алады. Бірақ дұрыс тәрбие және ересектердің жақсы үлгісі болса, балалардың өзі тамақ және ойыншық үшін төбелес шығармайды», – деді ол.

Психолог Жаннат Галимова да бұл жайлы өз пікірімен бөлісті.

Халқымыз үшін тамақ пен аштық тақырыбының мәні ерекше, өйткені психологияда «көп ұрпақты жарақаттар» деген ұғым бар. Солардың бірі – аштық тақырыбы. Адамдар ұжымдық және санасыз түрде инстинкттерге беріледі – «тірі қалу стратегиялары». Қауіпті уақыт өтіп кетсе де және қазір бәрі мол болса да, мінез-құлық стратегиясы өзекті болып қала береді.

Халқымыздың тарихында әрбір адам өмір сүруге ұмтылған ашаршылық туралы естеліктер бар. Бұл естеліктер адамдардың генетикалық және психоэмоционалдық жадына салынған. Ал көп адам болған жағдайда ұжымдық бейсаналық іске қосылады. Бұл жерде топ жеке адам мен оның жеке қажеттіліктерінен күштірек. Адамдардың бұл әрекеті осыған байланысты болуы мүмкін», – деп қосты ол.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!