Сапасызз жасалған жол жыл сайын жөндеуді қажет етеді және бұған мемлекеттің қаржысы тиімсіз жұмсалып жатыр, деді президент
НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі аккаунтында елдегі жолдардың жағдайы туралы пікір білдірді.
«Еліміздегі республикалық және жергілікті жолдардың жағдайына қатысты азаматтардың айтып жүрген сыны орынды. Сапасыз жасалған жол жыл сайын жөндеуді қажет етеді және бұған мемлекеттің қаржысы тиімсіз жұмсалып жатыр», – деп мәлімдеді ол.
Президент үкіметке, әкімдер мен құқық қорғау органдарына жағдайды реттеу үшін жүйелі шаралар қабылдап, оның есебін беруді тапсырды
Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов қалада жөнделген жолдардың сапасыз екенін айтқан болатын. Ол жұмысқа салғырт қарайтын мердігерлер қара тізімге енгізілетінін хабарлады. Кейбір жолдардың жөнделгеніне үш-төрт жыл өтпесе де, қайта жөндеуді қажет етіп отыр, деп ашуланды елорда басшысы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!