Петропавл қаласындағы әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқан әйелді туыстары 20 жылдан бері өлдіге санаған деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
22 қыркүйекте Петропавл әйелдер колониясында ашық есік күні өтті. Іс-шараның басты оқиғасы сотталған Алтынгүл Баязиеваның өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды оңалту орталығында тұрған 8 жастағы қызымен көптен күткен кездесуі болды.
8 қазанда ер адам әйелдер колониясына жүгініп, өзін сотталған Баязиеваның туған ағасы екенін мәлімдеді. Жиенімен байланыс 20 жыл бұрын анасы, яғни ер адамның әпкесі, қайтыс болғаннан кейін үзілді. Осы уақыт ішінде сотталғанның туыстары оның қайда екенін білмей, оны қайтыс болды деп санаған.
10 қазанда ер адам бас бостандығынан айыру мекмесіне жиенімен қысқа мерзімді кездесу үшін келген. 8 жыл бойы ол мектеп директоры болып жұмыс атқарып жатыр. Белгілі болғандай, ер адам сотталғанның туған ағасын да тәрбиелеп өсірген, енді ол балалар үйінен А.Баязиеваның қызын уақытша алып кетуді жоспарлап отыр.
«Жұма күні таныстарым маған ашық есік күнінен жаңалықтар видеосын жіберді. Мен бірден жиенімді, туған қанымды таныдым. Сол сәтте қандай эмоцияларда болғанымды білмеймін. Жылдар бойы іздеуден кейін ол тірі және сау болып шықты және оның қызы бар. Енді мен оны анасы босағанға дейін өз қамқорлығыма алуды жоспарлап отырмын. Бұл мәселені біз талқыладық, Алтынгүл қарсы емес. Маған көмектескендердің барлығына алғысымды білдіргім келеді. Кім біледі, егер ол жаңалықтарда көрсетілмесе, біз тағы кездесер бе едік, – деді ол.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!