Мәжілістің жалпы отырысында Президент тапсырмаларын іске асыру мәселесі бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы екінші оқылымда қаралды. Бұл құжатта Үкіметке әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бекіту құзыретін беру туралы бастама да бар деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжаттың екінші оқылымға енгізілген өзгерістерін Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Ғалым Әміреев таныстырды.

«Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің құрамындағы аудан шығыстарының бағыттарын кеңейту ұсынылып отыр. Аталған түзету аудан әкімдіктеріне халыққа әлеуметтік көмек көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру, балалалрды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру, республикалық маңызы бар қаладағы, инженерелік желілерді, автомобиль жолдарын салу, қызмет көрсету, жөндеу жөніндегі функцияларды дербес іске асыруға мүмкіндік береді. Жергілікті бюджеттер мен дизель отынын өндірушілердің көтерме саудада өткізуіне акциздерді сақтау, тікелей келіссөздер тетігі негізінде бастамашылық жасайтын мемлекетті-жекеменшік әріптестік жобасы бойынша балама ұсыныстарды жинаудың міндетті кезеңін қосу ұсыныстары қолдау тапты», – деді ол.

Оның айтуынша, депутаттар Президент тапсырмаларын орындауға жол ашатын бірнеше қосымша түзету енгізуді ұсынып отыр.

«Арнайы экономкиалық және индустриалдық аймақтар туралы заңнаманы жетілдіру, жалдау төлемдерін субсидиялау тетігі шеңберінде ашылған шоттарды қорғау, шетелдік автомобильдерді әкелі мен пайдаланудың жекелеген мәселелерін реттеу, құрылысқа ранлаған жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптамасын анықтау, Лоторея операторының «Қазақстан Халықына» қоғамдық қорына аударымы, инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компанияның функциясын іске асыру, жер қойнауын пайдаланушылардан газды сатып алудың жаңа тетігін енгізу ұсынылады. Үкіметке Қазақстан Республикасында өндірілетін, әкелінетін немесе өткізілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаны бекіту құзыретін беру көзделеді. Аталған түзетулерге мүдделі мемлекеттік органдар келісті, Үкімет тарапынан қолдау тапты», – деді депутат.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!