Халқымыздың ұлттық құндылықтары күні бүгінге дейін өз маңызын жоймады. Ең құнды тәрбие – ұлттық тәрбие. Бүгінде ұлттық тәрбиенің негіздерін жалпы ұрпақ тәрбиесі мәселесінде тиімді пайдалана білу қажет. Ұлтымыздың болашағы оның ұрпағымен тікелей байланыс­ты. Заман да, уақыт та баса дегенмен саналы да салиқалы ұрпақ тәрбиелеу ісі бүгіннен кешікпеуі керек. Қоғам өміріне бейім, заманауи сауатты, жан-жақты қабілетті қоғам мүшесі болуға да тәрбиелеуіміз керек.

Ұрпақтың бо­йына қайырымдылықтың, ізгіліктің дә­нін сепсек, адамгершіліктің асыл қасиеттерін бойларына жиып өссе дейміз. Күндедікті тәрбие жұмысының негізгі бағыты да салт-дәстүр, таным-түсінігімізді барынша сауатты түсіндіріп, ортамызға қайта оралту.

Отанын сүю, ұлттын құрметтеуі үшін жеткіншек бала күнінен өз ұлтының құндылықтарын біліп, қастерлеп өсуі керек. Үлкенді қадірлеу, қонақжайлылық, қоршаған ортаға құрметпен қарау, туысқандық, бауырмалдық, еңбексүйгіштік, жан-жануарларға жана­шыр­лық таныту тағы да басқалары – біздің тұрмыс-салтымызбен тығыз байланысты дүниелер. Отбасы құндылықтары мен дәстүрлеріміз, салттарымыз әрбір шаңырақтың шаттығына негіз.
Алдымен ата-ана өз баласына ата-баба салтын сіңірудің алғышарттарын жасаса, қалғанын білім ұялары қостап әкетуі керек-ақ. Сонда ғана елін, жерін сүйетін шынайы патриоттар қатары молая түседі.

Жас ұрпақты әдеп­ті де саналы, етіп тәр­­биелеу үшін ең алдымен ұлт­тық дәс­түрі­мізді, әдет-ғұрпымызды, дәс­түр­­лі діні­мізді, ата-бабаларымыздан қал­­ған мұ­раларды олардың саналарына сіңіре білуіміз қажет. Ел болашағын туған жерді, Отанын сүйіп, оны қасық қа­ны қалғанша қорғай білуге үйрету, оқушы бойында патриоттық сезім мен адам­гер­­шілік сананы қалыптастыру – әр отбасы мен ата-ананың, білім ордасының міндеті. Елді сүюді ең асыл қасиеттің бірі деп бағаласақ, онда ұлттық тәрбие бүгінгі балалардың бойынан табылуы керек.

Гульмира Тулемисова,
Ы.Алтынсарин атындағы
№204 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
Қазалы ауданы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!