Күні кеше BBC журналистері жазған аналитикалық мақаланы оқыдым. Мынадай бір ақпаратқа көз түсті. Біз білетін СПУТНИК V вакцинасына әлемнің 30 мемлекеті арнайы тапсырыс берген. Оның ішінде біздің елдің де бары анық. Ал, америкалықтар мен немістер бірлесе дайындаған Pfizer вакцинасын АҚШ-тың 26 миллион халқы салдырып үлгерген.
Денсаулығына дәрігерлерден артық қарайтын Израиль халқының 70 пайызы екпеге еркімен барған. Қысқасы, жер-жаһандағы 597 миллион халық қазірдің өзінде вакциналанған. Бұл үгіттеу емес, таза ақпарат ғана. Денсаулығы үшін өз аяғымен емханаға барған миллиондардың арасынан бүгін мен де өзім үшін вакцина салдырдым. Қажетті тексеруден кейін білекке СПУТНИК V кетті. Қазір аса бір ауырсыну сезімі байқалмайды. Кәсіби мамандар 1 адам 7 адамға дейін вирус жұқтыруы әбден мүмкін десе, вирусологтар вакцина індеттің жеңіл өтуіне жәрдемдеседі дейді. Бастысы – өзгенің денсаулығына зиянымызды тигізбесек болды. Індеттен аман болайық!
Абай Тағыберген
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!