Қазақстан Республикасының «Әділет органдары туралы» заңға сәйкес, әділет органдары – өз құзыреті шегінде мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың,ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін атқарушы билік органдары болып табылады.
Яғни, аумақтық жерлердегі әділет органдарының басты міндеті- халыққа құқықтық қызмет көрсету, заң кеңесін беру және өз құзырына кіретін мәселелер бойыынша заң бұзушулықтарға болдырмау, оның алдын алу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Қызылорда облысы әділет департаментінің Сырдария, Жалағаш аудандық және Байқоңыр қалалық әділет басқармалары Қармақшы аудандық әділет басқармасына қосылу жолымен қайта ұйымдастырылып, Қармақшы ауданаралық әділет басқармасы болып 2020 жылдың 28 қаңтарында тіркелді.
Басқарманың негізгі міндеті- Сырдария,Жалағаш, Қармақшы ауданы және Байқоңыр қаласы көлемінде коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру; құқықтық көмек пен заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру және құқықтық насихатты қамтамасыз ету; зияткерлік меншік құқығы саласында іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік бірдей қорғалады.Меншік міндет жүктейді,оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс.Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 117-бабына сәйкес мүлік қозғалмайтын және қозғалатын мүлік болып екіге бөлінеді. Қозғалмайтын яғни, жылжымайтын мүлікке (жылжымайтын дүние, жылжымайтын зат) жер учаскелері, үйлер,ғимараттар, көпжылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге мүлік, яғни орнынан олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкін болмайтын мүлік жатады.
Сонымен қатар, осы кодекстің 118-бабына сәйкес жылжымайтын мүлікке меншік құқығы мен басқа да құқықтар,бұл шек қою,олардың пайда болуы, ауысуы және тоқтатылуы тіркелуі тиіс.Меншік құқығы,шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару, бір жылдан астам мерзімге жер пайдалану құқығы,жылжымайтын мүлікті кепілге беру,оған рента, сенім білдіру арқылы басқару құқығы мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап пайда болады.Мысалы, егер де жылжымайтын мүлік пайда болған кезде, осы мүлікке өз құқықтарыңызды әділет департаментінде немесе басқармаларда тіркемесеңіз, онда сіз Заң талаптарына сәйкес мүліктің иесі болып табылмайсыз.
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес құқығыңызды белгілейтін заңды күшіне енген сот шешімін және өзге де құқық белгілеуші құжаттарды берілген сәттен бастап, алты айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеу рәсімін жүргізу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына өтінішпен жүгінуіңіз тиіс.
Н.АСАНОВА,
Қармақшы ауданаралық Әділет басқармасының басшысы,
Қазақстан Заңгерлер одағының мүшесі
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!