Fingramota.kz азаматтарға ақша аударымдарына байланысты қаржылық алаяқтықтың жаңа түрлері туралы ескертеді

Сізге SMS келді

Алаяқтарда азаматтардың ақшасын алдап алатын екі негізгі әдіс бар. Оның біріншісі – айтарлықтай технологиялық әдіс және ол әлеуетті құрбандардың алаңғасарлығына және психологиялық тұрғыдан қысым жасауға есептелген.

Сізге банктік картаңызға белгілі бір қаражат сомасының түскені туралы SMSкеледі. Қаражат сомасы аса қомақты да емес, азғантай да емес. Сіз ақшаның қайдан түсуі мүмкін екенін ойлап боламын дегенше, әлдекімсізге хабарласып, ақшаның қате аударылғанын айтады. Ол түскен ақшаны кері қайтаруды, егер жақын жерде терминал, қолма-қол ақша болса, қандай да бір қызметтің ақысын төлеуді немесе «телефонға ақша салуды» сұрайды.

Алаяқтар өздері туралы және жасаған қателіктерінің салдары жайында біраз айтып береді. Біреулері бұл ақшаның соңғы ақшасы екенін, біреулері жұмысынан айрылғанын және т.б. жайында айта бастайды. Бұл – сізді алдарқатудың белгісі. Ал расында, ешқандай да ақша аударылмаған. Ал SMSсіздің банкингіңіздің нөміріне өте ұқсас болғанмен, басқа нөмірден келді. Сонымен бірге шотыңызға расында да ақша түскен-түспегенін жеке кабинетіңіз және аударымдар тарихы арқылы білуге болады.

Егер аударым рас болса ше?

Екінші әдіс неғұрлым жетілдірілген. Ақша Сіздің шотыңызға келіп түсті делік. Сценарий бірдей болуы мүмкін – қате аударым және дәл қазір ақшаны қайтаруды өтіну. Алаяқтар кейде«алаңдаушылық туғызғаны үшін» қаражаттың біраз бөлігін өздерінде қалдыруды ұсынады.

Шын мәнінде, алаяқтар тауарды сауда алаңында сатқаны үшін төлем алу мақсатында Сіздің шотыңызды көрсетуі мүмкін еді. Сонда, егер Сіз олардың айтқанына көніп, аударым жасайтын болсаңыз, Сіз ақшадан айрылып қана қоймай, өзіңізге қосымша проблемалар тудырасыз. Ақыр соңында, тауарды алмаған әлеуетті сатып алушы құқық қорғау органдарына хабарласа алады. Ал Сіз ақша алушы ретінде бірінші күдікті боласыз. Қалай болған күнде де, қиындыққа келіп ұрынасыз.

Бұл жерде Сіз қаражат бір шоттан келіп түседі депойлауыңыз мүмкін, бірақ олар басқа шотқа аударуды сұрайды. «Әйелім шатастырып алыпты», – деп ақталады алаяқ.

Кредитті маған аударыңыз

Алайда әрқашан аударым кімнен жасалғанын білу мүмкін емес. Ақыр соңында, бұл «басқа банктің картасы» немесе тіпті қандай да бір ұйымның шоты болуы мүмкін.

Мұндай жағдайда ерекше сақ болу қажет. Негізгі алаяқтық схемалардың бірі – үшінші тұлғаларға кредит ресімдеу. Бұл, әдетте алаяқтар Сіздің жеке деректеріңізге қол жеткізе алған кезде мүмкін болады. Содан кейін, егер Сіз оларға қаражат аударсаңыз, Сіз бұл сомаға, тіпті  үстіне пайызын қосып қарыз болып қаласыз, ең бастысы –кімге қарыз болғаныңыз белгісіз.

Зардап шегушілер мұндай кредиттер туралы әдетте төлем мерзімінің соңына қарай немесе тіпті кейде коллекторлардан біледі. Қарыздың берілгенін растау үшін алаяқ сіздің деректеріңізді көрсетті, ал өзінің жұмыс істемейтін телефон нөмірін беруі әбден мүмкін. Сондықтан сізге еске салатын қоңыраулар келіп түспеді.

«Жалған» кредитті, әрине, сотқа шағымдану арқылы даулауға болады. Бірақ қаражатты пайдалану дерегі қосымша жағымсыз жағдай болады. Оның үстіне ол өте жасалды: міне қаражат алдыңыз, оны бірден біреуге аудардыңыз.

Екі рет төлеу

Кездейсоқ аударымды өз бетімен қайтармаудың тағы бір себебі – алаяқ банктен транзакцияны тоқтатуды сұрай алады. Егер аударым қандай да бір ұйымның шотынан жүзеге асырылса, бұл тіпті де мүмкін. Онда сізден ақша сәл кешірек есептен шығарылуы мүмкін. Ал сіз ақшаны аударып та қойдыңыз.

Банкке хабарласқанмен көмек бола қоймас. Сондықтан қате қаражат сізден есептен шығарылады, әрине, мәжбүрлі түрде. Бірақ сіз ақшаны басқа шотқа аудардыңыз және оны өз еркіңізбен жасадыңыз. Әрине болған жағдайды дәлелдеуге болады, бірақ бұл қиын әрі ұзақ уақытты қажет етеді. Одан да осындай жағдайдың алдын алу қажет.

Ақшадан бас тартамын!

«Жалған» аударымдардан қорғанудың негізгі әдісі – барлық операцияларды тек ресми түрде және өз банкіңіз арқылы жүргізу. Сіз картаңызға келіп түскен ақша аударымының қате екенін және сіздің бұл қаражатты пайдаланғыңыз келмейтінін жедел желі телефоны арқылы бірден хабарлауыңыз қажет. Алаяқтардың барлық «ақыл-кеңісінен»бас тартып, қайтадан банкке жіберу керек.

Мұндай жағдайларда олар мінез-құлқын бірден өзгертіп, мысалы, сотпен қорқыта бастауы мүмкін. Егер сіз бәрін ресми түрде жасасаңыз, алаңдамаңыз, сізге ешқандай қауіп төнбейді.

Мүмкіндігінше тездетіп банк бөлімшесіне барып, аударымның күшін жою туралы ресми өтініш жазғаныңыз дұрыс. Кіріс нөмірі бар өтініштің көшірмесін алуды ұмытпаңыз, өйткені бұл – сіздің басты қорғану құжатыңыз.

Енді сізге алынған соманы шотта қалдыру ғана қалады, яғни ешқандай жағдайда оны жұмсамаңыз, кері транзакцияны күтіңіз.

Алаяқтардың айла-шарғысына тап болмас үшін бұл туралы отбасыңызға және жақындарыңызға айтыңыз.

Абай болыңыз, алаяқтарының араңдатушылықтарына бой алдырмаңыз және Fingramota.kz–тен пайдалы ақпаратпен танысып отырыңыз!

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!