Қазақстан тәуелсіздік алған уақыттан бастап барлық саланы дамытуға, ілгерілетуге күш салды. Алдымен экономиканы, халықтың әл-ауқатын жақсарту бірінші орында. Бүгінде еліміз дамыған мемлекеттер жолымен жүріп келеді. Осындай жолдардың бірі – мемлекеттік қызметтер көрсетуді оңтайландыру, оны басқа бағытқа сала отырып, дамыту. Қазақстан халықаралық тәжірибеге сүйеніп, мемлекеттің бірқатар функцияларын жеке салаларға беруді жүзеге асыруда. Қазір осындай салалардың бірі жеке сот орындаушылары институты болып отыр.
Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бағытындағы 100 нақты қадам Ұлт жоспарының «Жекеменшік сот орындаушылар институтын одан әрі дамыту. Сот орындаушыларының мемлекеттік қызметін біртіндеп қысқарту» көзделген 27-қадамын орындау мақсатында 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап соттардың және басқа да уәкілетті органдардың атқарушылық құжаттарының басым бөлігі жеке сот орындаушыларының орындауына берілуде.
Жеке сот орындаушылары ешкімге тәуелді болмай, жеке табысы арқылы өзін-өзі қаржыландырады. Дегенмен де олардың құзыретіне, заңды пайдалануына келсек, мемлекеттік сот орындаушысымен тепе-тең. Мемлекеттік сот орындаушысы жалақысын мемлекеттік бюджеттен алса, жеке сот орындаушылары өздерінің атқарған жұмыстарына байланысты қаржыландырылады. Жеке сот орындаушы қызметіне ақы төлеуді борышкерден өндіріп алынған қаражат есебінен жүргізеді. Яғни, қызметі үшін ақыны өндіріп алынған қаржының немесе мүлік құнының белгілі бір пайызынан алады.
М.БОЗАЙҚЫЗЫ,
Облыстық әділет департаментінің бас маманы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!