Қазақстан тәуелсіздік алған уақыттан бастап барлық саланы дамытуға, ілгері­ле­ту­ге күш салды. Алдымен экономиканы, халықтың әл-ауқатын жақсарту бірінші орында. Бүгінде еліміз дамыған мемлекеттер жолымен жүріп келеді. Осындай жолдардың бірі – мемлекеттік қызметтер көрсетуді оң­тай­лан­­дыру, оны басқа бағытқа сала отырып, дамыту. Қазақстан халықаралық тәжірибеге сүйеніп, мемлекеттің бірқатар функция­ла­рын жеке салаларға беруді жүзеге асыруда. Қазір осындай салалардың бірі жеке сот орындаушылары институты болып отыр.

Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бағытындағы 100 нақты қадам Ұлт жоспарының «Жеке­меншік сот орындаушылар институтын одан әрі дамыту. Сот орындаушыларының мемлекеттік қызметін біртіндеп қысқарту» көзделген 27-қадамын орындау мақсатында 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап соттар­дың және басқа да уәкілетті орган­дардың атқарушылық құжаттарының басым бөлігі жеке сот орындаушыларының орындауына берілуде.

Жеке сот орындаушылары ешкімге тәуелді болмай, жеке табысы арқылы өзін-өзі қаржыландырады. Дегенмен де олардың құзыретіне, заңды пайдалануына келсек, мемлекеттік сот орындаушысымен тепе-тең. Мемлекеттік сот орындаушысы жала­қысын мемлекеттік бюджеттен алса, жеке сот орындаушылары өздерінің ат­қар­ған жұмыстарына байланысты қаржы­лан­ды­рылады. Жеке сот орындаушы қызме­ті­не ақы төлеуді борышкерден өн­ді­ріп алынған қаражат есебінен жүргі­зе­д­і. Яғни, қызметі үшін ақыны өндіріп алынған қаржының немесе мүлік құнының белгілі бір пайыз­ы­нан алады.

М.БОЗАЙҚЫЗЫ,


Облыстық әділет департаментінің бас маманы