Атқарушылық іс жүргізу – борышкерден атқарушылық санкциясын атқарушылық іс жүргізу бойынша өсімпұлдарды, шығыстарды, жеке сот орындаушысының қызмет ақысын өндіріп ала отырып, атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шаралар.

Сот орындаушысы атқарушылық құжаттарды орындау мақсатында борышкерге қатысты ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 5,7,8,9 тарауларына сәйкес мәжбүрлеу шараларын қолданады.

Өз кезегінде, сот орындаушысы атқарушылық құжаттарды орындап немесе орындаусыз қайтарған реттер де, ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 47 бабының 2 тармағына сай, Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 2-1) және 7) тармақшаларының негізінде тоқтатылған, орындалғаннан кейін атқарушылық санкция, орындау бойынша шығыстар, өсімпұл және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасы өндіріп алынуға жататын атқарушылық құжаттар бойынша орындалуын қамтамасыз ету шараларының күші олар өндіріліп алынғаннан кейін ғана тоқтатылуға тиіс.

Сонымен қатар, ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 48 бабының 6 тармағының 1,2 тармақшаларына сәйкес мәжбүрлеп орындату шараларының, егер өндіріп алушы орындау бойынша іс жүзінде келтірілген шығыстарды өтесе және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу жүргізілсе, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген және атқарушылық құжатты мәжбүрлеп орындатуға берудің осы Заңның 11-бабында көзделген мерзімі өткен жағдайларда күші жойылуға жатады.

Сондай – ақ, қазіргі таңда борышкер төлемді «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі және атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен интеграцияланған төлем жүйелері арқылы жүзеге асырған жағдайда, атқарушылық іс жүргізуді тоқтату электрондық нысанда түзіледі және мәжбүрлеп орындату шаралары автоматты түрде тоқтатылады.

Осылайша, Еліміздің азаматтарына атқарушылық іс жүргізуді тоқтату электрондық нысанда түзіліп және мәжбүрлеп орындату шаралары автоматты түрде тоқтатылуына жағдай жасалған. Бұл дегеніміз сот орындаушыларымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттердің бармауына жол ашады.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін қоғамның барлық салаларының жүйелі түрдегі күш-жігері қажет.

     Қарапайым тілмен айтатын болсақ, сыбайлас жемқорлық – бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану. Оның басты белгілерінің бірі пара алу немесе беру болып табылады.

    Сыбайлас жемқорлық қоғамға тек зиянын тигізіп қана қоймай, сонымен бірге оң нәтижеге жеткізбейтінін есте ұстауымыз қажет! Нәтижесінде сыбайлас жемқорлықпен айналысқан тұлға мен оның жақындарының сана-сезіміне залал келтіріліп, дүниетанымдары бұзылады.

 Сыбайлас жемқорлық құбылысы қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі болып табылады, ол дертке айналуда.

     Сондықтан Отанымыздың әр азаматы осы дертпен жұмыла күресу қажет.

А.Оразбаева,

Қызылорда облысының Әділет департаментінің мемлекеттік сот орындаушысы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!